Түркия Республикасының Бас консулымен кездесу

Түркия Республикасының Бас консулымен кездесу

 2024 жылғы 5 қыркүйекте Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Ж. Әбдрашов Түркия Республикасының Бас Консулы Э.Мюдеррисоглумен кездесу өткізіп, оның барысында өзара тиімді саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады. Кездесу соңында, дипломаттар ағымдағы жылы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру жоспарларын белгілеп, екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды белсенді қолдауға келісті.