Алматы қ. Қытай Халық Республикасының Бас консулдығынан Қытай автомобильдерінің көрмесі

Алматы қ. Қытай Халық Республикасының Бас консулдығынан Қытай автомобильдерінің көрмесі

2024 жылғы 28 тамызда - Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Ж. Әбдрашов "MyCar Almaty" автоорталығында Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы ұйымдастырған Қытай автомобильдерінің тест-драйв - көрмесіне қатысты. Іс-шара бағдарламасына мультибрендтік автоорталыққа экскурсия, қытайлық автомобильдердің тұсаукесері және ұсынылған машиналардың тест-драйві кірді.