
2024 жылғы 22 тамызда Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Ж. Әбдрашов Иран Ислам Республикасының Алматы қ. Бас консулы М. Фағанимен кездесу өткізіп, ағымдағы жылғы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін қорытындылап, Қазақстан- Иран байланыстарының дамуының оң динамикасын атап өтті. Кездесу соңында дипломаттар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды әрмен қарай белсенді қолдауға дайын екендіктерін растады.