
2024 жылғы 21 тамызда Ерекше тапсырмалар бойынша Елші - ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Ж. Әбдрашов Өзбекстан Республикасының Бас консулы А. Каюмовпен сыпайылық кездесуін өткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың, мүмкіншілігін талқылады. Кездесу соңында дипломаттар екі бауырлас ел арасындағы достық қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті.