
2024 ж. 9 мамырда ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы фашизмге қарсы Жеңістің 79 жылдығына арналған 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Е. Досаев, ардагерлер ұйымдары, Алматыда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагерлері қатысты.