«Халықаралық қатынастардың жаңа геосаяси шынайылығындағы өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

«Халықаралық қатынастардың жаңа геосаяси шынайылығындағы өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2023 жылғы 23 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кітапханасында профессор Ж.О. Ибрашевтің 95 жылдығына арналған «Халықаралық қатынастардың жаңа геосаяси шынайылығындағы өзекті мәселелері» атты халықаралық конференциясы және V Еуразиялық оқулары өтті.
 
Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ж. Түймебаев, Алматы қ. әкімінің орынбасары А. Қырықбаев, ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Б. Бөлегенов, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың басшылары, ғылыми қоғамдастық және халықаралық қатынастар факультетінің студенттері қатысты.