
2024 жылғы 11 қаңтарда ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысының орынбасары Қазақстан Республикасындағы Малайзия Елшілігінің жанындағы сауда және туризм бөлімдерінің директорларымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында тараптар экономикалық байланыстарды нығайту және туризмді өзара дамыту мақсатында елдер арасындағы сауда және туризм саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Дипломаттар болашақта екіжақты форматта өзара іс-қимылды белсенді қолдауға дайын екендіктерін растады.