Дипломатиялық миссияның аяқталуына орай Мажарстанның Бас консулымен кездесу

Дипломатиялық миссияның аяқталуына орай Мажарстанның Бас консулымен кездесу

2023 жылғы 25 желтоқсанда ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Б. Бөлегенов Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Мажарстанның Бас консулы Ф. Блауманнды қабылдады.

Б. Бөлегенов мажарлық дипломатқа екі ел арасындағы серіктестікті нығайту жолында атқарған қызметі үшін алғысын білдірді. Соңғы жылдары қол жеткізілген саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары деңгейі атап өтілді.

Кездесу барысында Ф. Блауманн Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Шапағат» медалімен наградталды.