Алматыда БҰҰ-ның «Жаңа Жібек жолы» моделінің конференциясы өтті

Алматыда БҰҰ-ның «Жаңа Жібек жолы» моделінің конференциясы өтті

2023 жылғы 7 желтоқсанда ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Б. Бөлегенов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен БҰҰ-ның «Жаңа Жібек жолы» – NSWMUN (New Silk Way Model United Nations) моделінің конференциясына қатысты.

Конференция Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 75 жылдығына, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою туралы Декларацияның» 30 жылдығына (1993 жылы 20 желтоқсанда қабылданған) және «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділікке» арналды.

NSWMUN БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» (UNAI) бағдарламасы Ғаламдық хабының тұрақты дамуы аясында жұмыс істейді.

Конференцияға Қазақстандағы БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі, АҚШ Бас консулдығы, сарапшылар қауымдастығы және бірқатар қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.