
2023 жылғы 17 қыркүйекте дипломатиялық корпус өкілдері мен ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігі Тұңғыш Президент саябағында өткен Қала күні мен «АLMA FEST» фестивалін мерекелеуге қатысты. Қытай, Тәжікстан, Польша, Әзірбайжан, Иран және Ауғанстанның Бас консулдықтары бай ұлттық құндылықтарын дәріптеді. Фестивальге шамамен 127 тонна алма көрмесімен 45-ке жуық бағбандық бірлестіктер қатысты.