Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында ҚХР дипломаттарымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында ҚХР дипломаттарымен кездесу өтті

2023 жылғы 23 тамызда "Бір белдеу-бір жол" бағдарламасының онжылдығы аясында ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры А.Мұстафина мен Қытай Халық Республикасының Алматы қ. Бас консулы Цзян Вэй кездесіп, мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Қонақтар ҚР Конституциясы күніне арналған тарихи-деректі көрмемен және ҚР Президенті Мұрағатының қызметі туралы фотокөрмемен танысты.

ҚХР Бас консулы Цзян Вэй Мұрағаттың құрметті қонақтары кітабына жазба қалдырды.