Сыртқы істер министрлігінің Өкілдігінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі күнін атап өтті

Сыртқы істер министрлігінің Өкілдігінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі күнін атап өтті

2023 жылғы 30 маусымда Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. Өкілдігінде Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күніне орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға дипломатиялық қызмет ардагерлері, ҚР СІМ Орталық аппаратының және Өкілдіктің қызметкерлері қатысты.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Мұрат Нұртілеу құттықтау сөзінде Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың толыққанды және беделді мүшесі ретінде әлемдік процестердің белсенді қатысушысы екенін атап өтті. Қазақстандық дипломатия отыз жылдық белестен өтіп, бүгінгі күні әлемдік сахнада мемлекеттің мүдделерін сенімді түрде ілгерілетіп, қорғауда.

Кәсіби мереке қарсаңында СІМ басшысы М. Нұртілеу оңтүстік астана Алматы қаласында тұратын дипломатиялық қызмет ардагерлерін құттықтады. Салтанатты іс-шарада Министр дипломаттардың аға буынына, оның ішінде республиканың мүдделерін шетелде қорғаған және Тәуелсіздік жылдары отандық дипломатиялық қызметтің қалыптасуына үлкен үлес қосқан Төтенше және Өкілетті Елшілерге ерекше алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі күніне орай ардагерлер мен дипломаттар мемлекеттік наградалармен марапатталды және бірқатар қызметкерлерге дипломатиялық дәрежелер берілді.