
2023 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдік Басшысы Б. Бөлегенов Өзбекстан Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы А. Каюмовпен кездесу өткізіп, екі мемлекет арасындағы өзара тиімді саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу соңында дипломаттар ағымдағы жылы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру жоспарларын белгілеп, екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды белсенді қолдауға келісті.