АҚШ Сауда палатасы өкілінің Алматыға сапары

АҚШ Сауда палатасы өкілінің Алматыға сапары

2023 жылғы 5 маусымда Алматы қаласының әкімі Е. Досаев пен АҚШ Сауда Палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия істері жөніндегі аға вице-президенті Куш Чокси бастаған делегация экономикалық байланыстарды нығайту және қаланың бизнес-экожүйесін дамыту мақсатында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуге ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдік Басшысы Б. Бөлегенов, Алматы қаласындағы «Атамекен» ҰКП төрағасы, ҚР АҚШ-тағы кеңесші-елшісі, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж, Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің бас атқарушы директоры Дженнифер Милл және іскер топтардың өкілдері (Chevron, Valmont Irrigation, Coca Cola, Mastercard, Borusan Caterpillar, Honeywell Kazakhstan) қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту, инвестициялар тарту және қазақстандық-американдық бизнес қауымдастықтар арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту туралы уағдаласты.