
2023 жылғы 26 мамырда ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Б. Бөлегенов Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіз Қазақстан дипломатиясы тарихынан. А.Х. Арыстанбекованың 75 жылдығына» атты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Төтенше және Өкілетті Елші Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызына арналған тарихи-деректі көрмесіне қатысты.
Көрмеде Ақмарал Хайдарқызының жеке қорының материалдары, БҰҰ-дағы қызметі кезеңіндегі құжаттары мен фотосуреттері, ғылыми мақалалары, монографиялары ұсынылды.