
2023 жылы 22 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдік Басшысы Б. Бөлегенов Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Өзбекстан Республикасының Алматыдағы Бас консулы А.Фатхуллаевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Б. Бөлегенов өзбек дипломатына бауырлас екі ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, одан әрі қызметіне табыс тіледі.