«Қытай – Орталық Азия: жағдайы мен болашағы» ғылыми конференциясы

«Қытай – Орталық Азия: жағдайы мен болашағы» ғылыми конференциясы

Ү.ж. 12 мамырда  ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік басшысының орынбасары И. Рахимов «Қытай-Орталық Азия: жағдайы және болашағы» ғылыми конференциясына қатысты. Іс-шараны Қазақ-Неміс университетінің Халықаралық және өңірлік ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институты ҚХР-ның Алматыдағы Бас консулдығымен және «Бір белдеу және бір жол» сараптамалық клубымен бірлесіп ұйымдастырды. Конференция аясында «Қазақстан-Қытай қатынастары: қалыптасу және даму тарихы (1992-2023 жж.)» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға ҚХР Бас консулы Цзян Вэй, Бас консулдың орынбасары Чжун Хуа, ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы А. Аренова, Сарапшылар клубының төрағасы Б. Сұлтанов, Қазақстан-Германия университетінің президенті В. Роммель, сондай-ақ 50-ге жуық ғалымдар, саясаттанушылар мен журналистер қатысты.