Орталық Азиядағы Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамдары Халықаралық Федерациясымен ынтымақтастық туралы

Орталық Азиядағы Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамдары Халықаралық Федерациясымен ынтымақтастық туралы

2023 жылы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. Өкілдік Басшысы Б. Бөлегенов Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамдары федерациясы (IFRC) делегациясының басшысы Севаль Гузелкилинчпен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР СІМ Өкілдігінің IFRC-пен ынтымақтастығын дамыту мәселелері және ағымдағы жылы өткізуге жоспарланған іс-шаралар талқыланды.