Алматыда Жеңістің 78 жылдығы құрметіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Алматыда Жеңістің 78 жылдығы құрметіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

2023 ж. 9 мамырда Алматы қаласында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта ҰОС  қаза тапқандарды еске алу мақсатында «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты шара 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған.                                                     

Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Е.Досаев, қалалық қоғамдық ардагерлер ұйымдары, ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Б.Бөлегенов және дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің ардагерлері қатысты.