
2023 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Кітап Шоу-2023» кітап фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.
Кітап фестивалінің маңызды оқиғаларының бірі Қырғыз Республикасының Халық жазушысы, Социалистік Еңбек Қаһарманы, Ленин сыйлығының лауреаты, Қырғыз Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Ғылым академиясының академигі, КСРО Төтенше және Өкілетті Елшісі, Батыс Еуропа елдеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың 95 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізу болды.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, ҚХА Қырғыз этномәдени бірлестігі және Қырғыз Республикасының Бас консулдығы ұйымдастырды.
Кештің басты кейіпкері Ұлы жазушының кіші қарындасы - физик-ғалым Роза Төреқұлқызы Айтматова болды. Жиені Асан Ахатовпен бірлесіп, көптеген жылдар бойы қырғыз халқының жоғалған және атылған батырларын іздеуге және зерттеуге арнады. Олардың арасында 1991 жылы қайтыс болғаннан кейін ақталған мемлекет қайраткері, туған әкесі Төреқұл болды. Жиенімен бірлесе отырып атқарған жұмысы Төреқұл Айтматовтың 120 жылдығы мен Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған Алматы халықаралық кітап фестивалінде тұсаукесері өткен «Ата Бейт» (Әкелер пантеоны) деректі эпопеясына айналды.
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова Бішкектен келген барлық қонақтарға және халықаралық дөңгелек үстелді ұйымдастырушыларға алғыс хаттар мен грамоталар, естелік кәдесыйлар мен кітаптар табыс етті.
Дөңгелек үстел отырысына Қазақстан Журналистика Академиясының, Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының көрнекті өкілдері, олардың ішінде Шыңғыс Айтматовтың жақын досы, Қазақстанның халық ақыны, Қазақстанның Еңбек Қаһарманы, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхтар Шаханов, Нұрлан Оразалин, Бақытжан Қанапьянов, ҚХА этномәдени бірлестіктерінің барлық басшылары және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, шара модераторы Светлана Ананьева сөз сөйледі.
Іс-шараға КСРО Жазушылар Одағының А.М. Горький атындағы әдеби институтының, Шыңғыс Айтматов шеберханасының түлегі, ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының бастығы Алмаша Аренова қатысып, сөз сөйледі.