
2023 жылғы 7 сәуірде Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасы базасында «Зерттеу университетінің моделі: ғылым және цифрлық медиадағы инновация» атты VI Орталық Азия цифрлық журналистика форумы басталды. Форум Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық Бюросының және ҚазҰУ журналистика факультетінің баспасөз және электрондық БАҚ кафедрасының қолдауымен ұйымдастырылды. Форумның басымдылығы – БҰҰ-ның коммуникация саласындағы күн тәртібі. БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек форумға қатысушыларға сәлем жолдады. ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік басшылығы атынан Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы А.А.Аренова сөз сөйледі. Журналистика факультетінің деканы Н. Қуантайұлы «Инфодемия: медиапрофилактика призмасы арқылы», «Mapping the media and communication landscape of Central Asia (an Anthology of emerging and contemporary issues)», «Цифрлық құқықтар» кітаптарын таныстырды.
Іс-шараға Еуропа, Таяу Шығыс және Орталық Азия ғалымдары, сондай-ақ халықаралық және ұлттық медиа ұйымдар – Қазақстандағы Internews Network өкілдігі, «Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ, Бас редакторлар клубы, «Қазақстандық Медиа Желі» ҚБ, журналистика бойынша Орталық Азия университеттері қауымдастығы-ОАУҚ, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы және Ресей, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Ұлттық университеттері қатысты.