Алматыда Қазақстан мен Қырғызстан сімаралық консультациялары өтті

Алматыда Қазақстан мен Қырғызстан сімаралық консультациялары өтті

2023 жылғы 30 наурызда Алматы қаласында Қазақстан мен Қырғызстан сімаралық консультациялары өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ.Тұмыш, ал қырғыз делегациясын - Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Иманғазиев бастады.

Келіссөздер барысында тараптар күн тәртібіндегі бірқатар маңызды мәселелерді және Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастығының өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастық, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ көші-қон мәселелері көтерілді.

Консультация қорытындысы бойынша ынтымақтастықты екіжақты форматта белсенді қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.