Ү.ж. 28 наурызында Алматыда ҚКП ОК Саяси Бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП парткомының хатшысы Ма Синжуй мырзаның ресми сапары өтті.
Ма Синжуй ҚР мен ҚХР шекаралары маңы ынтымақтастығының екінші Достық диалогының Пленарлық отырысына қатысты. Отырысқа Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш және ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдік басшысы Бақытжан Бөлегенов қатысты.
Кездесу барысында өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға басты назар аударылды. Қазақстан Шыңжаңмен өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм сияқты көптеген бағыттар бойынша табысты өзара іс-қимыл жасайды.
Кездесу барысында Н.Жұманғарин ҚР мен ҚХР арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстан стратегиялық әріптестік пен Мәңгілік достық рухында Қытаймен жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге үлкен мән беретінін мәлімдеді. ҚХР Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.