«Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» АҚБ отырысы

«Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» АҚБ отырысы

2023 жылғы 17 наурызда «Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» аймақтық қоғамдық бірлестігі филиалының басқармасы төраға Бақытжан Бөлегеновтың басшылығымен, ҚР СІМ Өкілдігінің қамқорлығымен қоғамдық ардагерлер ұйымының қызметі мәселелері бойынша бірінші отырыс өткізді. Басқарма мүшелері бірлестіктің пандемия кезеңінде (2020-2023 жж.), Алматы қаласы ҚДБ АҚБ филиалы басшысының жаңадан сайланған орынбасары Мақсат Нұрмағамбетовтың атқарған жұмыстары туралы есепті тыңдады.

Сондай-ақ, отырыста секция басшылары қайта тағайындалды және Алматы қаласының ҚДБ АҚБ қызметінің 2023-2024 жылдарға арналған жаңа міндеттері мен бағыттары айқындалды.

«ҚДБ» АҚБ филиалы Басқармасының құрамы:

  1. Бөлегенов Бақытжан Ерғалиұлы, Төраға.
  2. Нұрмағамбетов Мақсат Әбдібекұлы, төрағаның орынбасары, секция басшысы.
  3. Қабдрахманов Тілеухан Самарханұлы, секция басшысы.
  4. Артықбекова Мунира Әбдуқайымқызы, секция жетекшісі.
  5. Бозжігітов Айымдос Ерсайынұлы, секция жетекшісі.
  6. Сұлтанов Болат Қылышбайұлы, секция басшысы.
  7. Есенғалиев Ерсайын Есенғалиұлы, секция басшысы.
  8. Аренова Алмаша Арыстанқызы, секция және хатшылық басшысы.
  9. Серік Сағымбайұлы Бейсеков, секция басшысы.
  10. Оразаев Мұхит Советұлы, секция басшысы.
  11. Дербісалиева Рафия Бәкірқызы, Алматы қаласы ҚДБ АҚБ есепшісі.

Отырыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының ҚДБ АҚБ-ның 2023-2024 жылдарға арналған хаттамасы мен қызмет жоспарының жобасы қабылданды.