
2023 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің Басшысы Б.Бөлегенов БҰҰ Халықты қоныстандыру саласындағы (UNFPA) Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі аймақтық қоры өңірлік офис бағдарламаларының Халықаралық үйлестірушісі Медер Өмірзақовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР СІМ Өкілдігінің БҰҰ агенттігімен ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері қаралды және ағымдағы жылы өткізуге жоспарланған іс-шаралар талқыланды.