Қазақстанның БҰҰ мүшесі атануының 31 жылдығына арналған халықаралық конференция

Қазақстанның БҰҰ мүшесі атануының 31 жылдығына арналған халықаралық конференция

2023 жылғы 2 наурызда «UN PLAZA»  ғимаратында Қазақстанның БҰҰ-ға құрамына кіруінің 31 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінің Басшысы Б. Бөлегенов құттықтау сөз сөйледі.

Негізгі баяндамашы БҰҰ жанындағы ҚР тұңғыш Тұрақты өкілі А. Х. Арыстанбекова болды. Жастар аудиториясының, оның ішінде Алматыдағы жоғары оқу орындары мен Орталық Азия жоғары оқу орындарының халықаралық қатынастар факультетінде оқитын студенттері алдында Қазақстандағы БҰҰ агенттіктерінің басшылары сөз сөйледі.