
2022 жылғы 30 тамызда ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Б.Бөлегенов АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәдени-білім беру бағдарламасы (МЕСЕА) шеңберінде Қазақстанға келген АҚШ конгрессмендері Д. Панетта және Т. Суозимен кездесу өткізді.
Сапар барысында АҚШ Конгресінің делегациясы Алматы қаласында орналасқан БҰҰ агенттіктерінің (UNAME, UNHCR, UNDGC, UNDSS, UNEP, UNESCO, UNFPA) қызметімен танысты.
Сондай-ақ, ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің қолдауымен американдық конгрессмендер Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қырықбаевпен кездесіп, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өңірлік ынтымақтастық мәселелерін талқылады.