Дипломатиялық қызмет ардагерлерін марапаттау

Дипломатиялық қызмет ардагерлерін марапаттау

2022 жылы 26 тамызда ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Б. Бөлегенов Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагерлерін СІМ «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапаттады. Ардагерлерін марапаттаудың салтанатты рәсіміне Алматы қаласындағы "Қазақстандық дипломаттар бірлестігі" филиалының мүшелері қатысты.

Ардагерлер өз сөзінде сыртқы саясат ведомствосының басшылығына Қазақстан тәуелсіздігінің басында Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасуына өз үлесін қосқан аға әріптестер туралы ықыластығы мен жылы сөздері үшін алғыс білдірді.