Д. А. Қонаевтың бюстіне гүл шоқтару қою

Д. А. Қонаевтың бюстіне гүл шоқтару қою

Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты еске алу және 110 жылдығын мерекелеу күні аясында Халықаралық Д.А.Қонаев қорының Қамқоршылық кеңесі 2022 жылы 22 тамыз күні (Д. А. Қонаевтың мүсініне) қала орталығындағы Қонаевтың бюстіне салтанатты түрде гүл шоқтары қою рәсімін ұйымдастырды.

Рәсімге туыстары мен жақындары, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагерлері, Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қырықбаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің ұжымы, жұртшылық, қала тұрғындары қатысты. Қонактар Д.Қонаевтың мұражайындағы жаңартылған экспозицияларды тамашалау рәсіміне шақырылды.