
2022 жылғы 22 тамызда ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Б. Бөлегенов Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері, Қазақстан Республикасының бұрынғы Төтенше және Өкілетті Елшісі Адырбек Икрам Адырбекұлын Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың атынан «Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен» және СІМ «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.