Алматы облысының Қарасай ауданында Алматы Дипломатиялық клубының көшпелі отырысы болып өтті

Алматы облысының Қарасай ауданында Алматы Дипломатиялық клубының көшпелі отырысы болып өтті

2020 жылғы 27 қарашада Алматы Дипломатиялық клубы Алматы облысының Қарасай ауданында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін зерттеп-зерделеуге арналған көшпелі отырыс өткізді. Іс-шараға сыртқы саяси ведомство, Қарасай ауданының әкімдігі және Қарасай ауданының Корпоративті білім қоры қолдау жасады.

ҚР СІМ-нің Алматыдағы Өкілдігі басшысы Ерлан Ысқақов еліміздің экономикалық даму бағдарламалары, инвестициялық әлеуеті және туристік мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ үкіметтің тұрғындар мен бизнесті қолдау бойынша COVID-19 жағдайында қолға алған, кризистің кері әсері мен айтарлықтай экономикалық құлдырауды болдырмауға бағытталған шаралары жайында сөз сөйледі.

Кездесуде сондай-ақ, Қарасай ауданы әкімінің Бірінші орынбасары Айжан Назарбаева, РФ-ның Алматыдағы Бас консулы, Алматы Дипломатиялық клубтың президенті, Дипкорпустың дуайені Евгений Бобров, Хорватияның ҚР-дағы құрметті консулы, Корпоративті білім қорының басшысы Еркін Ысрайылов, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстан Республикасындағы өкілі, Алматы Дипломатиялық клубының вице-президенті Властимил Самек, Алматы Дипломатиялық клубының бірінші Құрметті төрағасы, Мажарстанның ҚР-дағы Бас консулы Ференц Блауманн және т.б.-лар сөз алды. Шет елдердің және халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен құралған делегация мүшелері өз сөздерінде    Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен экономикалық ахуалды жоғары бағалап, Қазақстандағы контрәріптестермен ынтымақтастық бойынша алға қойылған жоспарларымен бөлісті.

Дипклуб мүшелері кездесуді нәтижелей келе “Атамекен” тарихи-мәдени орталығын тамашалады.