2020 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Барлыбай Садықов Эфиопия Сыртқы істер министрлігінің Экономикалық дипломатия және диаспора істері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы (министрдің орынбасары) Сион Теклу ханыммен кездесті.

Б.Садықов Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі басқару жүйесінің тиімділігін, жаңа жағдайдағы экономиканы арттыруға, өнеркәсіптік әлеуетті ашуға, Ауыл шаруашылығын, көлік-логистикалық кешенді, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын дамытуға, елдің өңірлік дамуын жаңғыртуға және адамдардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті.

Жолдаудың халықаралық бөліміне қатысты Елші Қазақстан халықаралық аренада экономикалық мүдделерді ілгерілету үшін Еуразиялық Экономикалық Одаққа, сондай-ақ "Бір Белдеу, Бір Жол"жобасына қатысумен байланысты кең мүмкіндіктерді барынша пайдаланатынын атап өтті. Тікелей және портфельдік инвестицияларды тартудың негізгі құралына айналу үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының әлеуеті белсенді пайдаланылатын болады.

АХҚО қызметінің тақырыбын қозғай отырып, Елші Африка, атап айтқанда, Эфиопия бинесмендері орталықтың ауқымды Еуразиялық нарыққа ену мүмкіндіктерін толық көлемде пайдалана алатынын атап өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы пікір алмасты. Мұндай ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті және оны ашуға күш салу қажеттілігі атап өтілді. Ү.ж. қарашада екі елдің мемлекеттік құрылымдары мен бизес-орталары өкілдерінің қатысуымен экономикалық мәселелер бойынша бірлескен он-лайн конференция өткізу мәселелері талқыланды. Эфиопиялық тарап аталған конференцияға Сыртқы істер министрінің орынбасары деңгейінде қатысатынын растады.

Екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды орнату және сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін 2021 жылдың бірінші жартысында қазақстандық ресми делегациялар мен бинес топтар делегациясының Эфиопияға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сондай-ақ, ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту және құрылып жатқан КазЭйд агенттігінің қызметі мәселелері талқыланды.

Ц. Теклу ханым Жолдауға қызығушылық танытып, оның әлеуметтік-экономикалық даму мен реформаларда үлкен жетістіктерге жеткен елдің тәжірибесін алу тұрғысынан үлкен қызығушылық тудыратынын атап өтті. Ол Эфиопия Премьер-Министріне Жолдаудың негізгі идеяларына қатысты ұсыныстар жіберуді қарастырады.

Екі тарапты қызықтыратын кез келген мәселелер бойынша өзара іс-қимыл туралы келісімге қол жеткізілді.