2020 жылғы 21 тамызда Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Барлыбай Садықовтың Эфиопия Сыртқы істер министрлігінде - бизнес және экономикалық мәселелер жөніндегі Тұрақты хатшы Девано Кедир мырзамен, көпжақты ынтымақтастық мәселелері жөніндегі бас департаменттің директоры Давит ирга мырзамен және Азия және Океания істері жөніндегі бас департаменттің директоры Малолинг Сафа мырзамен кездесулері өтті.

Девано Кедир мырзамен әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы пікір алмасты. Атап айтқанда, мұндай ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті және оны ашу үшін күш салу қажеттілігі атап өтілді. Ағымдағы жылдың қараша айында екі елдің мемлекеттік құрылымдары мен бизес-топтары өкілдерінің қатысуымен экономикалық мәселелер бойынша бірлескен он-лайн конференция өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Д. Иргамен кездесуде тараптардың көпжақты форматтағы өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды. Қазақстан қазіргі уақытта теңізге шыға алмайтын елдер бойынша БҰҰ тобының төрағасы болып табылатынын назарға ала отырып, осы тақырыпқа ерекше назар аударылды. Теңізге шыға алмайтын Африка елдері үшін халықаралық іс-шараны бірлесіп өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Малолинг Сафа мырзамен кездесуде екі елдің екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелері көтерілді. Атап айтқанда, СІМ өкілдеріне саяси консультациялар өткізу, ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту, әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты дамыту, халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара қолдау мәселелері талқыланды.