Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымында төрағалықты қабылдайды

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымында төрағалықты қабылдайды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) мүше мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 28-ші отырысына қатысты.
Кездесу барысында делегация басшылары ЭЫҰ аясында өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылап, өңірлік экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстарды қарастырды.
ҚР Сыртқы істер министрі өз сөзінде 2025 жылы Қазақстан Республикасының Ұйымда төрағалықты қабылдайтынын және оны «Өңірлік көлік байланысы мен тұрақты дамуды ілгерілету» ұранымен өткізетінін мәлімдеді.