Мемлекет басшысы Руанда Президенті Поль Кагамемен кездесті

Мемлекет басшысы Руанда Президенті Поль Кагамемен кездесті

Әзербайжан, Баку қаласы

2024 жылғы 12 қараша

Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда Президенті Поль Кагамемен кездесу өткізді.

 

Тараптар саяси және сауда-экономика салаларындағы екіжақты қарым-қатынастың даму перспективасын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады. Мемлекет басшысы Руандамен берік әрі өзара тиімді серіктестікті дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.

 

Өз кезегінде Президент Поль Кагаме еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы жетістіктерін жоғары бағалап, Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.

 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамені Қазақстанға сапармен келуге шақырды.