Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі Аддис-Абебада қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі Аддис-Абебада қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Аддис-Абеба – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі Эфиопиядағы дипломаттар жұбайларының қауымдастығы ұйымдастырған жыл сайынғы халықаралық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңкеге 50-ден астам елшілік, сондай-ақ Эфиопияның бірқатар қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдары қатысты.

Қонақтарға қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылды, олардың қатарында бауырсақ, шәк-шәк, палау, манты және қазақстандық шоколад болды. Бұл дәмді тағамдар ерекше қызығушылыққа ие болып, қонақтардың көңілінен шықты.

Қазақстандық павильон этникалық нақыштағы киіз үймен безендіріліп, ұлттық реңк берді. Келушілер қазақтың тұрмыстық заттары, ұлттық киімдері мен кәдесыйларымен қызыға танысты.

Концерттік бағдарламада Елшілік қызметкерлері домбырада әйгілі күйлерді орындап, қазақтың музыкалық мұрасын паш етті. Домбыра мен киіз үй Қазақстанның бай мәдени мұрасының маңызды бөлшектері ретінде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген.

Іс-шара аясында еліміздің жаһандық бизнес, инвестициялар және мәдени алмасу үшін батыл және тартымды бағыт ретінде көрсететін «Born Bold» кампаниясы да таныстырылды.

Жәрмеңке қонақтары Қазақстанның мәдени мұрасы мен аспаздық өнеріне таңданысын білдіріп, жылы пікірлерін айтты. Жәрмеңкеден түскен қаражат Эфиопиядағы әлеуметтік жобаларды қолдау үшін қайырымдылық қорына аударылды.