Қазақстан мен Эфиопия әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Эфиопия әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Куала-Лумпур қаласында өткен Халықаралық Азаматтық Әуе қатынасы ұйымының ICAN-2024 конференциясында Қазақстан мен Эфиопияның әуе көлігі саласының өкілдері екі ел арасында жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Әуе қатынасы туралы өзара түсіністік меморандумына» қол қойды.

Меморандумға қол қойылуы Қазақстан мен Эфиопияның азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және туризм мен бизнес қатынастарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылысының айқын дәлелі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі екі елдің әуе көлігі саласының өкілдері арасындағы ынтымақтастықты орнатуға көмектесіп, Эфиопияның ұлттық авиакомпаниясы – «Ethiopian Airlines» басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.

«Ethiopian Airlines» компаниясы – Африканың жетекші авиакомпанияларының бірі болып саналады және 130 бағытқа ұшуларды жүзеге асырады. «Ethiopian Airlines» компаниясы жүк тасымалдау көлемі бойынша әлемде 7-орынды алады және Африкадағы көрсеткіш бойынша көшбасшы болып табылады. Бүгінде «Ethiopian Airlines» компаниясының паркі 138 ұшақтан тұрады, оның ішінде 27 Boeing 787 және 9 Boeing 777, сондай-ақ жүк тасымалдайтын Boeing Freighters 737 максималды жүк көтергіштігі 107 тоннаға дейін жететін ұшақтар бар, бұл компанияға Африка континентінде және одан тыс жерлерде жолаушылар мен жүктерді тасымалдауда көшбасшы болып қалуға мүмкіндік береді.