
Аддис-Абеба, 2024 жылғы 31 қазан – Эфиопиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде Қазақстанның халықаралық бастамаларына және Африка елдерімен ынтымақтастықтың перспективаларына арналған семинар өтті.
Іс-шараға Эфиопияның Сыртқы істер министрлігінің, Парламентінің, дипломатиялық корпустың, бизнес-өкілдерінің, беделді эфиопиялық басылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және Қазақстан достары клубының мүшелері қатысты.
Эфиопиядағы Қазақстан Елшісі, Африка Одағындағы ҚР Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов өз сөзінде Қазақстан Республикасының аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған халықаралық бастамалары туралы толығырақ баяндады.
Б.Садықов қатысушыларды «Әділетті Қазақстан» құру үшін ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүргізу, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, заңдылық пен тәртіпті нығайту жөніндегі ірі шараларды қамтитын Тоқаевтың Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды.
Семинар қатысушылары ядролық сызбаны жою және оны таратпау, аймақтық қақтығыстарды реттеу, Қазақстанның бейбітшілік орнату операцияларына қатысуы, гуманитарлық көмек, климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және т.б. салалардағы мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталған Қазақстанның бастамаларына ерекше қызығушылық танытты.
Сауда, инвестиция, транзиттік-көлік потенциалы, цифрлық трансформация, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика секторлары және Африканың іскерлік шеңбері үшін ерекше қызығушылық тудыратын басқа да салалардағы сауданың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылауға көп көңіл бөлінді.
Африка мен Орталық Азия елдері арасындағы сауданы дамыту үшін транзиттік-көлік потенциалын іске асыру аясында Қазақстан мен Эфиопияның авиациялық ведомстволарының екі ел арасында жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғаны атап өтілді.
Семинар қатысушылары Қазақстанның Африка елдерімен сауда, инвестиция және тұрақты даму салаларындағы ынтымақтастығын кеңейтуге, сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың алдында тұрған мәселелерді шешуде тәжірибе алмасуға терең қызығушылық танытты.