
Аддис-Абебада Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі жанындағы № 449 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де АЭС бойынша референдумда дауыс беру процесі басталды.
Дауыс берудің басталуы еліміздің Мемлекеттік Әнұранын орындаумен салтанатты түрде өтті.
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.
Сайлау учаскесіне барған кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Референдум туралы
Республикалық референдумға келесі сұрақ қойылды: "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?».
Келісемін немесе келіспеймін деп дауыс бере аласыз.
Референдум өткізілді деп саналу үшін дауыс беруге қатысуға тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының жартысынан көбі қатысуы тиіс.
Егер 50% - дан астамы оң дауыс берсе, оң шешім қабылданады.