Қазақстан мен Руанда дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Руанда дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды

Нью-Йорк, 2024 жылғы 25 қыркүйек –БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Руанда сыртқы саяси ведомствосының басшысы-Оливьедухунгирехемен кездесу өткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың өкілдері дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойды, ол екіжақты қатынастарды нығайтуға өзінің оң үлесін қосады. Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.