РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрметті отандастар!

2024 жылғы 6 қазанда (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 449 учаскеде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өтеді.

Елшілік мекенжайы: Bole Sub city, Kebele 01, Rwanda street  № 1185, Addis Ababa-Ethiopia.

Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте қол қойды.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.

Қазақстан Республикасының Аддис-Абебадағы Елшілігі жанындағы № 449 учаскесінің тізіміне Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы; Бурунди Республикасы; Жибути Республикасы; Конго Демократиялық Республикасы; Конго Республикасы; Кения Республикасы; Сомали Федеративтік Республикасы; Руанда Республикасы; Уганда Республикасы; Оңтүстік Судан Республикасы; Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы; Сейшел Аралдары Республикасы; Орталық Африка Республикасы; Эритрея мемлекетінде тұрақты немесе уақытша тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі;.

Құрметті азаматтар!

Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу мақсатында kazembethiopia@gmail.com электрондық пошта арқылы немесе +251-965-006-195 телефоны бойынша жіберу, референдумға қатысуыңызды 2024 жылғы 12 қыркүйектен кешіктірмей растауды сұраймыз.

Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында табуға болады.

Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі