Қазақстан мен Кения ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Кения ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

2024 жылғы 22 тамыз, Найроби - Аддис-Абебада тұрақты резиденциясы бар Қазақстанның Кениядағы Елшісі, БҰҰ-ның Найробидегі бөлімшесі жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кенияның министрлер кабинетінің хатшысы, сауда, инвестициялар және өнеркәсіп министрі Салим Мвурайамен, Кенияның туризм және жабайы табиғат министрлігінің бас хатшысы Джон Олултуамен, Кенияның сыртқы және диаспоралық істер министрлігінің Бас хатшысы (министрдің бірінші орынбасары) А. Корир Сингоемен, Президент Кеңсесі мен Кения СІМ хаттамасының басшысы Елші Генри Оуна Вамбумамен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту, жоғары деңгейдегі алда өтетін екіжақты сапарлар, екіжақты шарттық- құқықтық базаны қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл перспективалары жөніндегі жоспарларды талқылады.

Екі мемлекет басшылары Қ.Тоқаев пен У.Рутоның 2023 жылғы 20 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында өткен кездесуі кезінде, сондай-ақ ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Е.Қазыхан бастаған Найроби қаласына ҚР делегациясының 2024 жылғы 6-8 наурызда жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтарын іске асыру мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Сауда және инвестиция, көлік және логистика, цифрландыру, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 2 қыркүйекте Астанада өткізуге жоспарланған Қазақстан мен Кенияның алдағы алғашқы сімаралық саяси консультацияларының бағдарламасы мен күн тәртібі талқыланды.

Тараптар Қазақстан мен Кения арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыруды уағдаласты.

Анықтама: 2023 жылы Қазақстан мен Кения арасындағы тауар айналымы 41 млн.094 долларды құрады (экспорт – 64,4 мың долл., импорт- 41,030 млн.долл.), 2022 жылы - 42,515 млн. долл. (экспорт – 15 мың долл., импорт – 42,5 млн.долл.).

Қазақстан Кенияға, негізінен күкірт, электр шамалары мен сәулеленуді өлшеуге және бақылауға арналған аппаратураны, автоматты реттеу мен басқаруға арналған аспаптар мен құрылғыларды экспорттайды. Шай, гүлдер мен бүршіктер, зімбір, шафран, куркума, тимьян, лавр жапырағы, басқа да дәмдеуіштер мен тұқымдар импорттайды.