Қазақстандық боксшы Аддис-Абебада өткен турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Аддис-Абебада өткен турнирде жеңіске жетті

Аддис-Абеба, 2024 жылғы 21 тамыз – Эфиопия астанасы Аддис- Абебада Халықаралық бокс қауымдастығының қолдауымен алғаш рет «IBA Champions' Night» бокс турнирі өтті (ағылш. International Boxing Association – IBA).

2024 жылғы 17-18 тамыз аралығында өткен турнирге Гана, Конго, Замбия, Марокко, Мексика, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан, Танзания және Эфиопиядан келген боксшылар қатысты.

Турнир Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA), Африка бокс конфедерациясы (AFBC), Эфиопия бокс федерациясы, Эфиопия мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруымен өткізілді.

Титулды қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов жеңіл салмақтағы турнирге қатысып, Өзбекстан өкілі Нодиржон Мырзахмедовты жеңді.

Қазақстандық жаттықтырушы Е.Алғабек жаттықтыратын 75 келіге дейінгі салмақтағы Марокколық боксшы Ясмин Элуарзо Эфиопиялық Митику Алуды жеңді.

Анықтама: Т.Жүсіпов-2021 жылғы әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы (2013, 2019) және Қазақстанның жеті дүркін чемпионы.