
Аддис-Абеба, 2024 жылғы 15 тамыз - Эфиопиядағы Қазақстан Елшісі, ҚР Африка Одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия-Қазақстан парламенттік достық тобының төрағасы Бетелхем Лакеу және Парламенттің Жоғарғы палатасының мүшесі Тауфик Абдуллахимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында өткен алғашқы саяси консультациялардың нәтижесінде Қазақстан мен Эфиопия ынтымақтастығының 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасына қол қойыған қорытындыларын оң бағалады.
Депутат Бетелхем Лакеу екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалған мемлекеттеріміздің жауапты мемлекеттік органдарының жол картасы пункттерін іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Елші Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға және өзара мүдделілік салаларындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға жәрдемдесуге келісті.