Елшінің Конго Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесуі туралы

Елшінің Конго Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесуі туралы

Браззавиль, 2024 жылғы 9 шілде – Қазақстан Республикасының Эфиопия және Кениядағы (қоса атқарушы) Елшісі, Қазақстан Республикасының Африка одағы жанындағы,  БҰҰ-ның Найробидегі Қенсесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Конго Республикасының Сыртқы істер, ынтымақтастық және Конго шетелдегі конголездер істір жөніндегі министрі Жан-Клод Гакоссомен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, өзара қызығушылық тудыратын халықаралық күн тәртібі, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар Қазақстан және Конго арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға және дамытуға дайын екендіктерін білдірді.