Конго СІМінде қазақстандық-конголездік ынтымақтастығының келешегі талқыланды

Конго СІМінде қазақстандық-конголездік  ынтымақтастығының келешегі талқыланды

Браззавиль, 2024 жылғы 1 шілде – Қазақстан Республикасының Эфиопия және Кениядағы (қоса атқарушы) Елшісі, Қазақстан Республикасының Африка Одағы және БҰҰ-ның Найробидегі Кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Конго Республикасының Сыртқы істер, франкофония және шетелдегі конголездер істері жөніндегі министрлігінің Бас хатшысы Гай Нестор Итуамен кездесті.

Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту, Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоның Қазақстанға алдағы ресми сапары, екіжақты шарттық-құқықтық базаны қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл перспективалары жөніндегі жоспарларға ерекше назар аударды.

Тараптар мемлекет басшыларының 2023 жылғы желтоқсанда Дубайда өткен COP-28-дегі кездесуі барысында, сондай-ақ Конго Президентінің стратегиялық және халықаралық келіссөздер жөніндегі жеке өкілі Ф.Жолидің 2024 жылғы 10-11 маусымда Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарын іске асыру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Дубайдағы кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға келіскен болатын. Мемлекет басшысы Конго Президентін Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келуге шақырды.

СІМ-дегі кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.