Аддис Абебада Конгомен ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды

Аддис Абебада Конгомен ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды

2 сәуір 2024 ж., Аддис-Абеба қаласы - Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР-дың Африка Одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Конго Республикасының Елшісі Даниэл Овассомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде бірлескен іс-шараларды өткізу, екі елдің арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтуді  талқылады.

Халықаралық құрылымдар мен ұйымдар шеңберіндегі өзара тиімді іс-қимыл жөніндегі міндеттерге ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты ниеттерін білдірді.