Қазақстан Елшісі Эфиопия СІМ-де кездесу өткізді

Қазақстан Елшісі Эфиопия СІМ-де кездесу өткізді

Аддис-Абеба, 2024 жылғы 28 наурыз – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия СІМ Орта Шығыс, Азия және Океания істері жөніндегі Бас директоры Гебееху Гангамен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тараптар 2023 жылғы шілдеде Астанада саяси консультациялар барысында Қазақстан және Эфиопия сыртқы істер министрлерінің орынбасарларымен қол жеткізген уағдаластықтарға сәйкес екі ел ынтымақтастығының болашаққа арналған Жол картасын іске асыруға ерекше назар аударды.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.