Қазақстанның Руандамен ынтымақтастығы туралы

Қазақстанның Руандамен ынтымақтастығы туралы

20 наурыз 2024 ж., Аддис-Абеба қаласы - Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы ҚР-дың Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Руанда Республикасының Елшісі генерал-майо Чарльз Карамбамен кездесті.

Кездесу барысында қазақстандық-руандалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Тараптар Руанда делегациясының биыл Астанада өтетін халықаралық іс-шараларға қатысуына ерекше назар аударды. Руанда Елшісі екіжақты ынтымақтастықтың дамуына және Руанда делегациясының 2023 жылғы маусымда өткен Астана халықаралық форумына қатысуына оң баға берді.

Кездесудің күн тәртібінде сондай-ақ екіжақты іскери ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан мен Руанда арасындағы құқықтық базаны қалыптастыру мүмкіндіктері талқыланды.