Аддис Абебада Сейшелмен ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды

Аддис Абебада Сейшелмен ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды

2024 жыл 18 наурыз, Аддис-Абеба қ. – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР-дың Африка Одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Сейшел Аралдары Республикасының Елшісі Конрад Медерикпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде бірлескен іс-шараларды өткізу, екі елдің арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтуді  талқылады.

Халықаралық құрылымдар мен ұйымдар шеңберіндегі өзара тиімді іс-қимыл жөніндегі міндеттерге ерекше назар аударылды.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Б.Садықов Сейшел Елшісі К.Медерикке ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің атынан 2024 жылғы 13-14 маусымда Астанада өтетін Астана Халықаралық форумына Сейшел Республикасының Сыртқы істер және туризм министрі С.Радегондеге жазылған шақыру хатының түпнұсқасын табыс етті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты ниеттерін білдірді.